Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сымбатты полицей Instagram жұлдызына айналды (фото)

23 жастағы Санкт-Петербург қаласының полицейі аз уақыт ішінде танымал болып үлгерді. Желідегі қыздар оның сымбатына ерекше тамсанып жүргендерін айтады.

Бұл туралы gubdaily.ru басылымы жазды.

Жас жігіт қызметте жүріп түскен суреттерімен жиі бөліседі екен. Мұнымен қатар, қымбат компьютері мен ұялы телефондарымен мақтанғанды ерекше ұнатады. Романның желідегі парақшасына аз уақыт ішінде 50 мың қолданушы жазылып үлгерген. Көпшілік оны блогер деп атаған да болатын.

“Мені блогер деп атаған кезде езуіме еріксіз күлкі үйіріледі. Ешуақытта танымал болуды армандаған емеспін. Желіде достарымның қатарының көбейгеніне қарап, ерекше қуанғаным рас. Осы үшін ерекше алғыс білдіремін”, – дейді Роман.

Мұнымен қатар, ер адам барлық сұраққа уақтылы жауап бере алмай жүргені үшін кешірім сұрады. Өкінішке орай, басшылық мұндай танымалдылықты қолдамай, одан аккаунтын өшіріп тастауды сұраған. Жігіт парақшасын өшіріп тастаса да, басқа ресурстарда суреттері сақталған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Психологтың өзін ұйықтатып тастадым: Ақтөбелік имам адам бойындағы жындарды қалай шығаратынын айтты

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Талқылау