Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық жайында хабарлама жазған қазақстандық 212 мың теңге ақша алады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.

112

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау мәселесі әкімшілік іске қатысты 30 АЕК; аса ауыр емес қылмыстық жемқорлық бойынша 40 АЕК; орта деңгейдегі қылмыстық жемқорлық бойынша 50 АЕК; ауыр қылмыстық сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 70 АЕК; аса ауыр қылмыстық сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 100 АЕК көлемінде сыйақы тағайындалды.

Ірі сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша хабарлаған тұлға сыйақыдан бас тартқан жағдайда оған мәселені қарайтын орган атынан алғыс айту қарастырылатын болады.

Талқылау