Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбанбаеваны өлтірді деген күдікпен елордалық азамат ұсталды

Сыбанбаеваны өлтірді деген күдікпен елордалық азамат ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Безымянный

«Астана қалалық ішкі істер департаментінің полицейлері азаматша Сыбанбаеваны өлтіруі мүмкін күдіктіні анықтады. Ол 25 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта сот алдындағы тергеу амалдары аясында шаралар жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа мән-жайы тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, кеше қалалық ІІД 26 маусым күні сағат 12:00 шамасында Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында  осыған дейін із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылғанын, тергеу амалдарының барысында туыстары қайтыс болған азаматшаны танығанын жария еткен болатын.

Еске сала кетсек, 9 маусымда Астана қаласы аумақтық ІІБ кезекші бөліміне 18 маусымда сағат 03:00-де туысы Балдырған Сыбанбаева «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағымданған.

Бұған дейін түнгі клубтан шыққан қыздың іздестіріліп жатқанын, кейіннен бойжеткеннің өлі денесі табылғанын, мәйіті табылған Балдырған Сыбанбаеваның өліміне такси жүргізушісінің қатысы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Талқылау