Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Светлана Подобедова – РФ Президенті кубогының күміс жүлдегері атанды

12 желтоқсанда Ресейдің Грозный қаласында ауыр атлетикадан Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы – халықаралық турнирі басталды.

486147239

Бұл туралы STAN.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Ольга Зубова қоссайыс жиынтығы бойынша жеңіске жетті. Ал күміс жүлдені қазақстандық атлетші Светлана Подобедова олжалады. Қола жүлдені қытайлық Ван Чжоую иеленді.

Ауыр атлетика. «РФ Президенті Кубогы». Грозный (Ресей)
Әйелдер. 75 келіге дейін

1. Ольга Зубова (Ресей) – 268 (118+150)
2. Светлана Подобедова (Қазақстан) – 264 (118+146)
3. Ван Чжоую (Қытай) – 255 (115+140).

Талқылау