Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта полициямен ыңғайсыз әзілдесуді әдетке айналдырған келіншек қамауға алынды

“Бір емес, екі бірдей мемлекеттік мекемеге бомба қойылды” деген суыт хабар бүкіл Балқаш қаласын дүрліктірді. Оқиға орнына шұғыл жеткен арнайы топ төңіректі түгел тінтіді. Алайда бомба табылған жоқ. Есесіне, жалған ақпарат берген әйел ұсталды.

6742902.51z78512vh
Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Тұтас қаланы дүрліктірген әйел жарылғыш заттың жергілікті әкімдік пен халыққа қызмет көрсету орталығына қойылғанын айтқан. Дабылдан кейін оқиға орнына шұғыл жеткен барлық құтқару қызметі қос ғимараттың ішіндегі 120 адамды сыртқа шығарады. Алайда қауіпті зат табылмаған. Ал бірнеше сағат бойы қала тұрғындарының үрейін алған азаматша  сол күні-ақ қолға түскен. Тәртіп сақшылары 39 жастағы әйелдің осыдан бір ай бұрын ғана дәл осындай жалған ақпарат үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Бірақ кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы үшін үйіне жіберілген.  Ал бұл жолы жазадан құтылып кетпесі анық. Өйткені бірінші қателігінен сабақ алмаған әйел темір торға әлден қамалыпты.

«Соттың үкімімен шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ҚР ҚК 273 бабы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша азаматшаның кінәсі толығымен мойындалатын болса, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ бастығы Бақытжан Құдияров.

Жіберіп алмаңыз: 

Шымкент тұрғындары тоңазытқыштың гуілін бомба деп ойлап дүрбелеңге түсті

Павлодар тұрғыны есігін ашқызу үшін полицияны үйге бомба қойылған деп шақырған

Норвегияда “бомба қойылған ұшақ” рейсі тоқтатылды

Американың әуе күштері Қазақстан қалаларын бомбаламақ болған

Талқылау