Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Отандық дәрігерлер жиі ескерткен тұмау эпидемиясы Ақордаға жетті. Бұл туралы КТК арнасында хабарланды.

406298965

Кеше президент іс басқармасы емханасының ақ халаттылары ең басты пациенттері – Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыстан босап, емделуге рұқсат беретін медициналық анықтама жазып берді. Себебі, мемлекет басшысы суық тиіп сырқаттанып қалған еді.

Елбасының денсаулығына қатысты бұндай ақпараттың Ақорда сайтында алғашқы рет жарияланып отырғанын айта кетейік. Соңғы рет Назарбаев теледидардан елшілерден сенім грамотасын қабылдау сәтінде көрінген болатын. Қазір салқын өткізіп алған Елбасы дәрігерлерге қаралып ем-домын алып жатыр.

Осыған байланысты, президенттің Ақордадағы ресми кездесулері, аймақтар мен шетелге жоспарланған барлық іссапарлары да кейінге шегерілуде. Кеше Назарбаевтың Маңғыстау облысына, бүгін Әзірбайжанға, 13-ші қазан Арменияға іссапары жоспарланып қойған болатын. Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысы өтуі керек еді. Енді Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан басшыларының маңызды басқосуы Назарбаевсыз өтетін болды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 7 жыл бойы жасырынып жүрген шенеунікті соттап және амнистия жариялады

Екі министр үкімет басшысынан сөз естіді

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Талқылау