Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісінің қолдауымен емделіп шыққан Әнел қайта ауырып қалды

Ерекше махаббат хикаясымен танылған Марленнің сүйіктісі Әнел өз оқиғасын айтты. Сүйіктісінің қолдауымен аурудан айыққан ол қайта емделіп жүр. Алайда көпшіліктен өзі үшін уайымдамауын сұрайды. 

“Қалайсыздар, алтындарым. Осы жерде мені алып бара жатқанда Аллаһты естен шығармадым. Аллаһ мейрімді ғой, шипа беруші. Уайымдамаңыздар, қазір мен үйдемін, бәрі жақсы. Бұл жолы өкпе емес, басқа ішкі мүшелерім. Ұстап шыдатпай қойды, мен негізі көп нәрсеге шыдайтынмын, осы жолы сәл еркелеп жүрмін. Енді ішкі мүшелерімді емдеуім керек.

Өз өзімді қолға алам, өте тез арада жүгіріп кетемін Аллаһ қаласа. Мен мықтымын. Аллаһ мені мықты, күші көп етіп жаратқанына шүкір. Ең бастысы, қазір жақсы гастроэнтеролог, гинеколог маман керек. Аллаһқа шүкір әдемілікті көруге көз берген, табиғаттың иісін иіскеуге мұрнымды ашып берген, бұлақтың, құстардың даусын естуге құлақ берген Аллама рақмет. Қанша шүкіршілік етіп, рақмет айтсам да жеткіліксіз. Әр нәрсеге, әрбір мүмкіндікке Аллаһқа алғыс айтуды ұмытпаңыздар. Жаратушымыз ғана барлық, сансыз алғыс шүкіршілікке лайық”, – деп жазды ол желіде. 

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, шипа тіледі. 

“Сен мықтысың жеңіп шығасың. Алла саған жар болсын. Сенде Марлен бар. Сол үшін, болашақ балаларың үшін жеңіп шығуға тиіссің”, “Алла күш қуат берсін. Жаратқанның шеберлігінде шек жоқ”, “Аллам шипасын берсін. Сабыр берсін. Мықты денсаулық тілеймін”, “Алла мықты денсаулық, ұзақ өмір берсін”, “Алла шипасын берсін, тезірек сауығып кетуіңе тілекшіміз”, – деп жазды.

Айта кетейік, Әнел ауыр дертке шалдығып, аурудан емделіп шыққан. Ауыр халде жанында болған Мәрлен мен Әнелдің махаббат хикаясына халық куә. Олардың таңғажайып махаббаты көпшілікті жылатып та, қуантып та үлгерді. Дәрігер үміт жоқ десе де, Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді.

Талқылау