Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сусыз жұмыс істейтін унитазды таныстырған Билл Гейтс сахнаға адам нәжісін алып шықты

Билл Гейтс кәріз жүйесіне қосылмай-ақ және сусыз жұмыс істейтін унитазды таныстырды. Аталған шара Қытайдағы Reinvented Toilet Expo көрмесінде өтті.

Сусыз жұмыс істейтін унитазды таныстырған Билл Гейтс сахнаға адам нәжісін алып шықты

Бұл туралы tjournal.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Билл Гейтс ұсынған унитаз нәжісті тыңайтқышқа айналдыру үшін химикаттардың бірнеше түрін қолданады. Миллиардердің сөзінше, унитаздың жобасы дайын деуге болады. Унитаздардың тестілік үлгісі нарыққа жіберілуі үшін, алдағы уақытта жоба өндірушілерге беріледі.

Гейтс унитазды таныстыру үшін сахнаға шыны құты алып шықты.

«Оның ішінде не бар екенін біліп отырған шығарсыздар. Иә, сіздердікі дұрыс, бұл адам нәжісі», – дейді кәсіпкер.

Сусыз жұмыс істейтін унитазды таныстырған Билл Гейтс сахнаға адам нәжісін алып шықты

Миллардер мұндай мөлшердегі нәжісте 200 триллион ротавирусты жасуша, 20 миллиард Шигелла бактериясы және паразиттік құрттың 100 мың дернәсілі бар екенін атап өтті.

«Шынымда айтсам, 10 жыл бұрын нәжіс туралы осыншалықты көп білетін боламын деп ойламаппын», – дейді Гейтс.

Оның мәліметінше, мұндай унитаздың құны 500 доллар (185 мың теңгеден аса) тұрады және бастпақыда мектептер мен көп пәтерлі үйлерде пайда болады. Миллардердің пікірінше, мұндай унитаздар танымалдыққа ие болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау