Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сусынға зат қосып ішкізді: Шымкентте жас жігіт өзін әріптесі зорлағанын айтты

Желіде жас жігіттің өзін әріптесі зорлағаны туралы айтқан видеосы тарады. Ол әріптесінің өзін мас қылып зорлағанынын, ол әрекетін видеоға түсіріп алғанын айтты.

Сусынға зат қосып ішкізді: Шымкентте жас жігіт өзін әріптесі зорлағанын айтты

Жәбірленушінің айтуынша, ол өзін түсірген видеоны желіден көрген. Осыдан соң өзін мас күйінде зорлағанын түсінген. Жәбірленуші брифингі өткізіп, оқиғаның қалай болғанын айтты, деп жазады Stan.kz Отырарға сілтеп. 

Бұл оқиғаны адвокат, қоғам белсендісі Құрманғазы Мүсір парақшасында жариялады. 

"Мен сусынды ішкен соң есімнен адастым. Ертесі уланып ауырдым. Медициналық тексеруден өттім. Зорлау оқиғасы туралы желіге тараған видеодан білдім", - деді жәбірленуші. 

Жәбірленуші айыптап отырған азамат Шымкент қаласындағы мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы, экс-шенеунік М. М.

"Мені видеодағы дауысқа қарап айыптап жатыр. Бұл жала. Менің бетім көрініп тұрған жоқ. Менің даусымды көшіріп басқан. Мен денеме массаж жасатқам. Мойныма жасаттым, төмен түспе деген жерлерім бар. Солай массаж жасайтынымды әйелім де, Дидар мен Бауыржан да растай алады", - деді айыпталушы. 

Шымкенттік сарапшылар дауысқа қарап видеодағы кім екенін ажырата алмайтындарын айтты. Іс сотқа жіберілді. 

Айыпталушы сексуалдық зорлық көрсету, адам өміріне қолсұғушылық , мемлекеттік мүлкін шығындау бабы бойынша айыпталады.  

Талқылау