Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суретте теріс қарап тұрған Баян Есентаева жұртқа жақпай қалды (фото)

Продюсер бүгін инстаграм парақшасында кезекті суретін бөлісті. Ол бұл жолы да жүзін көрсетпеді. Десе де, оның аяғынан нық тұрып, өздігінен жүре алатынын байқауға болады.

image

Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні болған қанды оқиға жұртты шулатқан-ды. Сол сәттен бастап барша Қазақстан продюсердің өмірін жіті бақылап, денсаулығына алаңдады. Арасында күйеуінің әрекетін құптағандар да болды. Десе де, барша жұртты Баян Есентаеваның қайсарлығы қайран қалдырған болатын.

Ол да жұрттың осы ойын құптай түскендей күн сайын жақсы жаңалықтарын бөлісіп, тіпті суреттерін көрсетіп жатыр. Бүгін бөліскені – Баян Есентаеваның ауыр соққыдан кейін түскен екінші суреті. Алайда ол әдеттегідей жүзін көрсетпеді.

Суретті көрген желі қолданушылары қуанып оған ақ тілектерін жаудырды. “Әдемілікті жақсы көремін. Адамның, гүлдің, кез келген заттың, табиғаттың. Ал жанның әдемілігі – тіпті баға жетпес әдемілік. Баян, сіз өте сұлусыз. Әрдайым осындай әдемі болып жүре беріңіз”, “Сүйкімді де сұлу Баян ханым, тезірек сауығып кетіңіз”, “Баян, кім, не десе де сіз бәрінен сұлусыз” дейді желі қолданушылары.

Мұнымен қатар, Баян Мақсатқызын халыққа теріс қарап тұрды деп сынағандар да болды. Олар мұны елге деген сый-құрметсіздікке балады. “Неге түріңізді көрсетпейсіз? Халыққа теріс қарап тұрғаныңыз не? Табиғатты ғана көрсетіп қойыпты ғой маған” дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Сот Баян Есентаеваның күйеуін қамауда ұстау мерзімін 10 қыркүйекке дейін ұзартты

Баян Есентаеваның қызы күшікпен “сүйіскені” үшін сын астында қалды (видео)

Баян Есентаева жұртты жаңа суретімен қуантты (фото)

“Алау” тобының телефонға түсірген бейнебаяны үздік деп танылды (видео)

Талқылау