Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суретке түскелі жатқан кезде достарын қорқытпақ болған жігіт аяқ астынан қайтыс боп кетті (видео)

Үндістанда достарын қорқытпақ болған жас жігіт аяқ астынан қайтыс болып кетті. 24 жастағы Чи Джагадиш жыланды үйретушіден кобраны сұрап алып, онымен суретке түспек болған.

Достарын қорқытпақ болған жігіт аяқ астынан қайтыс болып кетті (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жыланды үйретуші Джагадиштің мойнына кобраны салып бергеннен кейін, жас жігіт күліп, әзілдеп тұрған. Ал достары оны камераға түсіріп жатқан екен. Осы кезде  Джагадиш мойнындағы жыланмен бірге достарына қарай жүгіріп, оларды шошытпақ болады. Алайда жігіттің бұл әрекетінен шошынған жылан оны шағып алды.

Салдарынан жас жігіт бірден аурузанаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Ал жыланды үйретуші кобраның тістері мен уын алып тастағанын айтқан. Десе де қайғылы жағдайдан кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау