Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сурет салсам, нешетүрлі сөздер жазады": Мәдина Сәдуақасова желіде анасын қара тізімге қосып қоятынын айтты

Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде анасын қара тізімге қосып қоятынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Соңғы кездері өнер жұлдыздары мен хэйтерлердің арасындағы дау толастар емес. Түймедейді түйедей ететін хэйтерлерден шаршаған өнер иелері ашық айқасқа шығып жүр. 

Бір қызығы Мәдина Сәдуақасова саны көп хэйтерлерді емес, анасын қара тізімге қосып қоятын көрінеді. Суреттерінің астына жазылған жағымсыз пікірлерді анасы оқып, жүрегі ауырып қалмасын деп ойлайды Мәдина Сәдуақасова.

"Мен өзімнің анамды кейде қара тізімге қосып қоямын. Өйткені, мен сурет салсам, нешетүрлі нәрселер жазылатынын білемін. Оны анам көрмей-ақ қойсын деп ойлаймын", - дейді Мадина Сәдуақасова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр