Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұраныстағы 105 дәрінің бағасы қымбаттамайтын болды

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және  Қазақстан кәсіби фармацевтикалық  ассоциациясының жетекшілері  105 дәрінің бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойды.

дәрі3

Отандық және шетелдік дәрі өнімдерін шығарушылар мен тасмалдаушылар және саудалаушылар өздеріне әлеуметтік жауапкершілік алып, халық ең көп тұтынатын 105 дәрі-дәрмектің бағасын белгіледі.

Отандық және халықаралық дәрі өндірушілер, дистрибьютерлер мен жекелеген сауда өкілдері 2016 жылдың аяғына дейін 105 дәрінің бағасын тұрақты ұстап тұруға келісіп отыр.

«105 дәрі-дәрмек – бұл ең көп қолданылатын прерапараттардың тізімі. Бұл тізімге қабынуға және тұмауға қарсы қолданылатын дәрілер кіріп отыр», – дейді фармацевтикалық инспекторат басқармасының басшысы Ботагөз Смағұлова.

Сонымен қатар, меморандумға ҚР Фармацевтика ісін қолдау және дамыту, «ФармМедИндустрия Қазақстан», Халықаралық фармацевтикалық дәрі өндірушілер және ҚР фармацевтикалық өнім дистрибьютор қауымдастықтары қол қойды.

тизим

тизим2

тизим1

Талқылау