Superstar финалисі Роман Ким қайда жүр?

Сейсенбі, 8 Қараша , 2016 19:34

Жұлдыздарды жаққан Superstar жобасының шоу-бизнес сынына шыдап, қатардан қалмағандары сахнада жүр. Алғашында бұл байқауда 16 мың өтінімнің ішінен 5563-і іріктеліп, артынша 100-і Алматыға жолдама алған болатын. Аталған жобаның кей түлектерінің бүгінде немен айналысып жүргені белгісіз. Десе де, көпшілігі өнерден алыстай қоймаған.

show1

Фото: np.kz

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Аталған байқауда Алмас Кішкенбаев пен Роман Ким бақ сынасқан-ды. Олар өзге үміткерлерден оза шауып, жұрттың назарына ілікті. Төрешілерден жақсы пікірлер естіді. Алайда бас жүлде Алмасқа бұйырды. Ол бүгінде танымал әнші. Ал Роман Ким елімізде көрінбей кетті. Оның тек “Заратуштрабенд” тобында ән салғанын білеміз.

“Қазір Алматы қаласында тұрып жатырмын. Мемлекеттік ұйғыр театырының артисімін. Вокалдан сабақ беремін. Аз уақыт ішінде біраз жүлдеге ие болдым. Жеке өмірімде әдеттегідей барлығы жасқы. Диана есімді қызым 5 жаста. Өлең оқып, ән айтады. Өзіме келетін болсам, теледидарға шығуға аса құмартпамын. Себебі, мен тек музыкашымын. Концертке барсам, тек жанды дауыста ән айтамын. Болашақта көгілдір экранға шығып та қалармын”, – дейді Роман Ким.

Бағдарлама барысында Ләйлә Сұлтанқызы оған “Роман, сен маған жобада болған жағдайлар үшін ренжіп жүрген жоқсың ба?” деп сұрады. Бұл сұрақты естіген әнші күліп, керісінше көп тәжірибе жинақтағанын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Ағасы: Кезінде жұрт Айдана Меденованы мен арқылы ғана танитын

Есентаева «Қазақ аруы» фильміне басты рөлге кастинг жариялады (фото)

Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды

Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар