Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Супер жұлдыз”: Данэлия Төлешова The World’s Best жобасында бір қолы жоқ скрипкашы қызды жеңді

Данэлия Төлешова The World’s Best жобасының екінші кезеңінде әйгілі америкалық әншінің туындысын орындады. Ол Деми Ловатоның Stone Cold композициясын шырқады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Супер жұлдыз": Данэлия Төлешованың The World's Best жобасында өнер көрсеткен видеосы жарияланды

Төрешілердің бірі Ру Пол Данэлияны балалар арасындағы “супер жұлдызға” теңеп, оның өнеріне жоғары бағасын берді.

Айта кетейік, бұл кезеңде Димаш Құдайберген Селин Дионның All by myself әнін орындады.

Димаш пен Данэлия The World’s Best жобасының бұл кезеңінде қарсыластарымен сайысқа түсті. Димаш католик монах әйелі Кристинамен, ал Данэлия бір қолынан айырылған скрипкашы қыз Манами Итомен жарысты. “Батл” деп аталатын бұл кезеңде Данэлия қарсыласынан 71-60 есебімен басым түсті.

Ал отандастарымызға жобаның Twitter-дегі парақшасында дауыс бере аласыздар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау