Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулық салонында төбелескен әйелдердің ісі сотқа жетті

Атырау облысында әйелдер сұлулық салонында төбелескен. Кінәлі азаматша айыппұл төлейтін болды.

mugchina-hochet-rebenka bijka

«Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен сотталушы Ж.Шопановаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Ж.Шопанова 2015 жылдың 30 қазанында Құлсары қаласындағы «Санта Мария» сұлулық салоны ішінде М.Жиембетованың мойнындағы шарфынан буындырып, оны ұрып, қасақана жаралаған (жеңіл дәрежелі).
Сотта жәбірленуші М.Жиембетова 2015 жылдың 30 қазаны күні сұлулық салоны ішінде азаматша Ж.Шопановамен сөзге келіспей қалғанын, себебі ол өзінің қызы мен күйеу баласының арасына түсіп, олардың отбасының бұзылуына түрткі болғанын айтты. Ашу үстінде олар бір-бірін балғаттап, ауыр сөз айтқан, кейін төбелесіп, жапа шегуші жараланған», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Сотталушы Ж.Шопанова өз кінәсін толықтай мойындап, сол күні сұлулық салоны ішінде азаматша С.Бөлегенова мен М.Жиембетова өзін балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқанын жеткізді.

Сот үкімімен сотталушы Ж.Шопанова Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108 бабымен кінәлі деп танылып, оған 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 69 370 теңге айыппұл салынды. Одан сараптамаға жұмсалған шығын 8 755 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Талқылау