Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баласымен отырған әйелдің жанындағы телефон жарылып, жанып кетті (видео)

Қытайдың Шанжао қаласында Samsung смартфоны жарылды. Бұл кезде әйел баласымен бірге сұлулық салонына отырған.

Оқиға камераға түсіп қалды. Әйел түтінді көре сала баласын алып, тұра қашты.

Салон қызметкері өртті сөндірді. Ол телефонды жастықпен жауып, жалыннің бетін қайтарды. Samsung компаниясы әйелге телефонды сервистік қызмет көрсету орнына беруге кеңес берді. Қызметкерлер сараптама жасап, неден жарылғанын анықтайды.

2016 жылы Samsung Galaxy Note 7 смартфоны көптеп жарылу себебінен компания қолданушыларынан кері қайтарып, басқаға ауыстыруға мәжбүр болды. Ал, АҚШ-та біржола құлыптап тастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау