Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сұлулық екпесінен” көз жұмған әйелдің өліміне шенеуніктің келіншегі айыпталуы мүмкін

Оралда ботокс жасатқан келіншектің өліміне байланысты сән салонының иесі де қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Венера Қайдароваға “қауіпсіздік талаптарына сай қызмет көрсетпеді” деген айып тағылып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

10184015-watermelon-cocktail-keg-2_hfas1a1-650-1466072404

Мәскеулік косметолог Эльвира Абдуллаева осы “Звезда Востока” салоны иесінің шақыртуымен келген. 28-ші наурыз күні сұлулық маманының қолында 39 жастағы Айжан Жақанова анафилактикалық шоктан қайтыс болды. Өлген клиент Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының әйелі.

Ал салон иесі сол бас салықшының орынбасарының жұбайы. Қайғылы жайттан кейін бірден қамауға алынған мәскеулік косметологқа қатысты қазір сот жүріп жатыр. Енді оның қатарына Венера Қайдарова да қосылуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

“Сұлулық екпесінен” көз жұмған әйелдің туыстары мәскеулік косметологке кешірім берді

БҚО-да қайтыс болған әйелге екпе салған косметолог екі айға қамауға алынды

Талқылау