Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулық байқауының жеңімпазы сахнада өртке оранды (видео)

Нигерияның Калабар қаласында өткен «Африка аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы марапаттау рәсімі кезінде өртке оранды. Оның басындағы жасанды шаш жанып кеткен.

Сұлулық байқауының жеңімпазы сахнада өртке оранды (видео)

Бұл туралы Daily Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

24 жастағы Доркас Касинде байқауда бірінші орынды иеленді. Ол жеңімпаз атағынан бөлек, 35 мың доллар (13 млн теңгеден аса) көлемінде ақша алды. 2017 жылы «Африка аруы» байқауында жеңіске жеткен ару Доркасқа тәжді табыстады.

Олар сахнада құшақтасып тұрған кезде, Доркастың паригіне пиротехникалық заттардан шашыраған шоқ түсіп кетті. Бастапқыда бойжеткен шашының тұтанып, жанып жатқанын байқамады.

Осы кезде байқау жүргізушісі мен тағы бірнеше адам сахнаға жүгіріп шығып, қыздың басындағы отты сөндірді. Мұнан кейін шара жалғасын тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау