Сұлтанов сыйлыққа салық салу ойынан айнып қалды

Дүйсенбі, 27 Маусым , 2016 21:58

Сыйлыққа салық салынбайды. Жұрт жаппай декларация тапсырған кезде азаматтар бір-біріне тарту еткен автокөлік, қымбат техника мен өзге де бағалы заттарды тіркеу міндетті емес, – деп хабарлайды ктк арнасы.

3c8662cd6e4d6947f6ab8ae6825

Бірақ, кез-келген Қазақстан азаматы бар табысын, жалақы, тіпті зейнетақының да көлемін толық көрсетуі тиіс. Егер жеке меншіктегі дүниенің құны 3 миллион 700 мың теңгеден асса, иесі мемлекетке салық төлейді. Ал, мүлік әр адамның табысына сай келуі керек. Сонда салық төлеу ашық және азаматтардың табысын тіркеу де нақты болады екен. Елімізде 2017 жылдан бастап шенеуніктер, депутаттар мен ұлттық компания қызметкерлері декларация тапсырады. 2020 жылы жалпы жұрттың жаппай табысын тіркеуі науқаны басталмақ. Сондай-ақ, бүгін тұрғындар алдында есеп берген Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Салық туралы кодекстің қайта жазылып жатқанын айтты. Құжатқа сай, бюджетті жоспарлау әдісі түбегейлі өзгереді. Өйткені, Үкімет жылда миллиардтарды игере алмай, ақша шоттарда бос қалады екен.

«Бюджетті жоспарлаудан есептеуге ауыстырамыз. Қазір бізде кассалық әдіс пайдаланылады. Яғни, қанша қаржы түссе, сонша ақша жұмсалады. Ал, есептеуге көшсек, шығынның тиімділігі, сырттан қарыз алуға бола ма, соның бәрін жіті қараймыз. Мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкерлерді, инвесторларды тартуға тырысамыз», – дейді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Карапайым халыкка салык салатындай сыйлык берилмейди ондай кымбат сыйлыктар сол парламент пен сенатта жумыс тстейтиндерге бериледи гой

  • Жұмбақ жан says:

    Сыйлыкка салыгы нес тагыда анау креслода откандар ойланып жумыс жасаса екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар