Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Судан бүлінбейтін, жыртылмайтын Құран басып шығарылды

Дубай қаласында өткен Paperworld Middle East халықаралық көрмесіне қойылған қасиетті Құран, былайша айтқанда, «тас қағаздан» жасалған. Яғни, «болашақ қағазы» атанып кеткен бұл қағаз полимермен желімделген кальций карбонатынан жасалған.

FjjUbFVmrHD2pX5A-lg

Бұл туралы islam.kz сайты хабарлайды.

Ол судан бүлінбейді, жыртылмайды, жұмарланбайды, т.б. Бұған қоса, қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Яғни, қағаз үшін орман-тоғайды отаудың қажеті жоқ.

«Әлемде бүгінгі таңда сандық технология өркендеп келе жатқанымен әлі де ақпаратты қағазда сақтау, тарату, т.б. кеңінен пайдаланылады. Ол ол ма, өткен ғасыр дегенімізбен көп уақыт өте қоймаған 1980-жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта адамзат қағазды үш есе көп пайдаланады. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға орасан зиянын тигізеді. «Тас қағаздан» жасалған Құран жоғарғы технологиялық және экологиялық ерекшілігімен назар аудартады. Ол кальций карбонатынан немесе бордан жасалады. Біз оны опа-далап секілді әбден ұнтақтаймыз, содан кейін оны мықты әрі улы емес полиэтиленмен біріктіреміз де қағаз жасаймыз»,- дейді компания директоры Parax Джон Занджани.

Талқылау