Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суда шомылу ережелері

Жаз маусымы келісімен суға шомылу кезеңі де басталады. Жыл сайын төтенше жағдай органдары  кезекті қауіпсіздік ережерелімен таныстырса да, адам шығынын болдырмау мүмкін болмай жатады. Не себептен деп ойлайсыздар? Әрине, суға шомылудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның кесірінен қаншама адам зардап шегеді. Осыған орай Stan.kz ақпарарттық агенттігі назарларыңызға суда шомылу ережелерін ұсынады.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында шомылуға келесі аймақтарда жол берілмейді:

1) жабдықталмаған жағажайларда;

2) санитарлық – эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келмейтін су қоймаларында;

3) селді ұстап тұратын құрылғылар, шлюздер, өзендердің габиондармен тұрақтандырылған және бекітілген арнасының учаскелерінде, сарқын суларды ағызатын орындар және ластанудың басқа да көздерінде кем дегенде 500 метр қашықтықта;

4) лайлы учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлар болған кездерде (жағалауы жадағай, еңіс болуы керек, жар және шұңқырыз, ал судың түбі құмды, балдырсыз, тырбиған ағаш және үшкір тастар болмауы керек).

Одан басқа шомылу кезінде судағы негізгі қауіпсіздік ережелер туралы білу қажет:

Суда шомылу ережерелі

Сонымен қатар, Су айдындарда қауіпсіздік ережелерінің демалыс және шомылу үшін қауіпті және жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тыйым салу және ескерту белгілері орнатылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген 3 басты белгімен таныс болыңыздар.

Тыйым салушы белгілер

Шомылуға тыйым салынады

Тыйым салушы белгілер

Сүңгуге тыйым салынады

Тыйым салушы белгілер

Жүзу құралдарының қозғалысына тыйым салынады

Аталған ережелер мен тыйым салушы белгілерді суға шомыларда ұмытпаңыздар!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау