Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқыны кезінде 27 жануарды құтқарған әйел мейірімділігінің кесірінен басы бәлеге қалды

Солтүстік Каролина тұрғыны Тэмми Хеджес «Флоренция» дауылы кезінде жануарларды апаттан аман алып қалу үшін арнайы баспана ашты. Алайда, жануарларға қамқорлық көрсетемін деген әйел бұның соңы неге әкеп соғатынын білмеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Су тасқыны кезінде 27 жануар құтқарған әйел мейірімділігінің кесірінен басы бәлеге қалды

Солтүстік Каролинада «Флоренция» дауылының салдарынан зардап шеккендер көп болды. Айтып келмейтін апаттан өз жандарын аман алып қалуды ойлаған адамдар әрдайым жануарларды өздерімен бірге ала алмады. Сонда Тэмми жануарларға су тасқынынан аман қалуға көмектесу керек деп шешті.

Су тасқыны кезінде 27 жануар құтқарған әйел мейірімділігінің кесірінен басы бәлеге қалды

«Адамдар өздерін құтқаруы керек. Бірақ жануарларды кім құтқарады? Әрине, оларды құтқарумен біз айналыстық»,- дейді Тэмми.

Кедей отбасыларға жануарларға қамқорлық көрсетуге көмектесетін ұйымды басқаратын әйел ескі қойманы жөндеп, оны жануарлар үйіне айналдырды. Ол тіпті, апат кезінде жануарларды қабылдайтыны жайлы хабарландыру жариялап, оларға қамқорлық көрсетпекші болды.

Тэмми мен еріктілер оларды күтіп бағу үшін барлық қажетті заттарды сатып алды және тәулік бойы өз қамқоршыларымен бірге болды. Оларды тамақтандырып, емдеді. Көп ұзамай оның жануарлар үйіне 27 жануар: 10 ит пен 17 мысық жиналды.

«Біз жануарларды иелері алып кеткенше олар құрғақ және қауіпсіз жерде тұруы үшін арнайы үй аштық. Олардың әрқайсысында тор немесе жататын төсек, су, азық-түлік болды»,-дейді Тэмми Хеджес.

Бірақ Тэммидің мейірімділігі күтпеген нәтижеге әкелді. Дауыл басылғанда әйелді жергілікті жануарларды бақылау орталығының өкілдері шақырып, барлық үй жануарын ерікті түрде беруді талап етті. Егер әйел олардың талабын орындамаса полиция ертіп келеміз деп қорқытқан.

Су тасқыны кезінде 27 жануар құтқарған әйел мейірімділігінің кесірінен басы бәлеге қалды

Тэмми олардың талаптарын орындады, бірақ құқық қорғау органдары оны бәрібір қамауға алды. Оған лицензиясыз үй жануарларын дәрі-дәрмектермен емдеген және рұқсатсыз баспана ашқан деген айып тағылды. Мейірмділігінің кесірінен басы бәлеге қалған әйел 10 мың доллар кепілдік беріп бостандыққа шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау