Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында еліміздегі су тасқыны кезеңінің қорытындылады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Су тасқыны

«2019 жылдың 25 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенінің қазіргі жағдайына баса назар аударылып отыр. Бүгінде Сергеевский су қоймасына судың көтерілуі шамамен 1 метр 32 см құрайтын екінші толқынды күтіп отырмыз. Бұл жағдай Ақмола облысы аумағындағы Есіл өзенінің Колутон, Жабай өзендеріне келіп құйылуына байланысты туындап отыр», - деп айтты Ильин.

Вице-министр қазіргі таңда Петропавл аумағындағы жағдай бақылауда екенін, мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Республикалық маңызы бар «Челябинск-Новосибирск» автожолы арқылы судың өтуін бақылауда ұстап отырмыз. Қозғалыс шектелген, десек те айналып өтетін жолдар бар. Сондай-ақ саяжайлардың бір бөлігін су басуы мүмкін. Кейбір аумақтарға су кірді, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Саяжай учаскелерінің көп бөлігі өзен алқабы маңайында салынған. Сол себепті олар жыл сайын су деңгейінің көтерілуінен зардап шегеді», - деп айтты ол баспасөз-конференциясында. 

Ильин Заречный секілді Петропавл қаласының басқа да аудандарына, елдімекендеріне қауіп төніп тұрған жоқ деп айтты. 

«Шүлбі» СЭС-те су шығынының артуына байланысты Павлодар облысындағы Ертіс өзеніне де назарға алып отырмыз. Су көлемі 3500-ден 3100 дейін төмендеді. Павлодар облысы мен 9 елдімекенді бақылауда ұстап отырмыз», - деп сөзін түйіндеді ІІМ орынбасары.

Талқылау