Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су-24 ұшағының ұшқышы ешқандай ескерту болмағанын айтты

Су-24 бомбалаушы ұшағының ұшқышы Константин Мурахтин Түркия тарапынан өздеріне  ешқандай да ескертудің болмағанын айтты, – деп хабарлайды ТАСС.

ушак

“Бізге ешқандай да ескерту болмады. Радиобайланыс бойынша да, визуалды түрде де. Тіпті байланыс болған жоқ. Сондықтан бағытқа штаттық режимде кірдік. Бомбалаушы мен F-16 жойғыш ұшақтарының жылдамдықтары қандай екенін түсіну керек. Егер бізге ескерту жасағылары келсе, қатарласып, өздерін көрсетулеріне болар еді”, – деді ол.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды. Түркия президенті өз кезегінде ұшқыш 5 минуттың ішінде он рет әуе шекарасын бұзғанын,сол себепті атуға мәжбүр болғандарын айтқан еді.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. “Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді“, – деп мәлімдеді Путин.

Талқылау