Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стюардессалар мас болған ұшақ жолаушысын орындыққа скотчпен байлап қойған

Malaysian Airlines әуе компаниясында Куала-Лумпур-Лондон рейсі кезінде оқыс оқиға болды.

2-71

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Жолаушылардың бірін орындыққа байлап қоюға тура келген. Басылымның хабарлауынша, 57 жастағы Максин Уильмс өзіне қызмет көрсетілмеген соң, шу шығарған. Стюардесса оған қызмет көрсеткісі келмейтінін айтқан кезде, ол тамақ пен сусындар тұрған арбашықты аударып тастаған.

Мұнымен қатар, Уильмс ханым Малайзияны мүлдем ұнатпайтынын айтқан. Осыдан кейін ұшақ қызметкерлері оны орындыққа байлап отырғызуға мәжбүр болған. Десе де, әйел шу шығаруын тоқтатпаған. Тек қонуға 45 минут қалған кезде ұйықтаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда енді велосипедті автобусқа байлап алып, діттеген жерге жетуге болады

Қақпашы екі гол жіберіп алған соң көңіл-күйі түсіп, үзілісте такси ұстап кетіп қалды (видео)

Андрей Аршавин “Астана” қақпасына супергол соқты (видео)

Роналду 6 жасар ұлының айып соққысынан салған керемет голын көрсетті (видео)

Талқылау