Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік студенттің өліміне тағы 3 адамның қатысы болуы мүмкін

Әлішер Арғынбаевтың қорғаушысы Әйгерім Оспанбекованың ісіне айыпталушыдан бөлек үш адамның қатысы бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы “Отырар” басылымы хабарлайды.

IMAG1850-5-696x416

Бұл факті туралы 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты сот отырысында белгілі болды. Мұнымен қатар, прокурор Әйгерім Оспанбекованың өліміне қатысты жаңа мәліметтер айтты. “Әлішер Арғынбаев 10 мамыр күні адам тасымалдап жүріп көлік тоқтатқан бойжеткенге назар аударған. Ол тоқтаған. Бойжеткеннің Шымкентте кетіп бара жатқанын білген соң, 500 теңгеге келісіп көлігіне отырғызған. Бойжеткен көлігіне отырған соң ол облыстық орталыққа қарай жол тартқан. Көлігінде отырған өзге үш жолаушыны Сарыағаштан түсірген. Бұдан кейін Оспанбекованы Шымкентке алып кетеді.

Шымкент қаласында “Арғымақ” көлік базарының жанында Шымкент-Термез трассасында сағат 17:30 шамасында ол Оспанбековамен сөзге келіп қалады. Сол сәтте қолына бұрауышты алып, көліктің сол жақтағы артқы есігін ашады. Кейін Оспанбекованың кеудесі мен ішінің тұсына бірнеше рет бұрауышты тығады. Артынша құны 50 000 тұратын SUMSUNG GALAXY G5 маркалы ұялы телефоны мен қалтасындағы 8 500 теңгесін алады. Осыдан кейін Арғынбаев рөлге отырып, Сарыағашқа қарай тартып кетеді.

Қазығұрт ауданында Қонаев көшесімен жүріп бара жатып “Алмас” дүкеніне кіріп көмек сұраған Оспанбекованың аузын жабу үшін скотч сатып алған. Артынша оңтүстік бағытқа жүріп “Бөгетбай ата” электроника дүкеніне дейін барады. Тоқтайды. Оспанбекованың жанына артқы орындыққа отырып, аузын скотчпен матайды, қол-аяғын байлап, сөмкенің бауымен тұншықтырады. Бұдан кейін Арғынбаев алаңға барып, ол жерде адам жоқ екеніне көз жеткізген соң бойжеткенді жерге көмген”, – дейді прокурор өз мәлімдемесінде.

Осыған қарамастан Әлішер Арғынбаевтың қорғаушысы оның үй қамағына алынуын талап еткен.

“Менің қорғалушым тергеу барысында бұл іске өзінен бөлек үш адамның қатысы бар екенін айтқан болатын. Олар оған ақша төлеместен көліктен шығып кеткен. Азаматқа бойжеткеннің телефонын беріп, төлеген соң оны алатынын айтқан. Қазір осы телефон менің қорғалушымнан табылғандықтан, бар айып Арғынбаевқа тағылып отыр.

Ол әлгі адамдардың аты-жөні мен туған жылдарын айтса да, тергеу барысында басқа күдіктілер ізделген жоқ. Егер менің қорғалушым қамауға алынатын бола, әлгі үшеуін табуға көмектесе алмауы мүмкін. Сондықтан оны кепілдікке босатуға немесе үй қамағына алынуын сұраймын. Менің қорғалушыма назар аударыңыздаршы. Мұншалық қатыгездікпен адам өлтірген жан сабырлы болуы мүмкін бе?” – дейді қорғаушы.

Мұнымен қатар, қорғаушы айыпталушының ата-анасы мен әйелі, екі баласы мен тұрақты мекен-жайы бар екенін айтып өтті. Сот екі жақты тыңдаған соң үкім шыққанға дейін оны екі айға қамауға алды.

“Қорғалушы, бұл отырыста сіздің аталған іске қатысыңыздың бар екені немесе жоқ екені дәлелденбеді. Бұл жерде тек бұлтартпағандық байқалады. Мұнымен қатар, кепілдікке босату мәселесі қаралмастан, 20 жылға сотталып немесе өмірлік бас бостандығыңыздан айырылуыңыз мүмкін. Үй қамағына келер болсақ, сот сізді мұндайға лайық емес деп тапты. Бұл үкіммен келіспесеңіз, үш күн ішінде шағым түсіруіңізге болады”, – дейді прокурор.

 

Талқылау