Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студенттерге ақысына “мәйіт” тасу ұсынылған әзіл көпшілікті шошытты (видео)

Астаналық түрлі жоғары оқу орындарының студенттеріне ақысына “мәйіт” шығару ұсынылып, психологиялары тексерілді. Әзілді әрине алғашында ешқайссы да түсінбеген. Жұмыс іздеген жастар пәтерге кірген сәтте ортада жатқан мәйіт тәрізді ораулы затты көреді. Онда отырғандар “Ақшасын төлейміз, осыны сыртқа шығарып бер” деген ұсыныс айтады. Олардың қолында тапанша, ал үйдің едені қанға боялған. Күтпеген жағдайға тап болған студенттердің жұмыс берушіге берген жауабы жұртты күлкіге қарық қылған.

розыгрыш

Видеоны тамашалаған жұрт болған жайтқа байланысты түрлі ойларымен бөліскен.

“Жігіттермен бұлай әзілдескенді түсінуге болады. Қыздарды араластырмау керек еді. Қыздардың бірі жүкті болса мысалы, қорқып қалса қайтесіздер”,-деген  Руслан Бәке есімді тіркелуші.

“Көзілдіріктегі жігітті сөзіне орай аямастан соққыға жығу керек еді. Оның қасындағы қызды да ұрып, үш мәйітті қоқысқа шығаруға мәжбүрлеу керек еді”,-дейді тағы бір желі қолданушысы.

Осы әзілде бірінші болып тексеруден өткен Бауыржан  Болатұлы өзінің басынан өткен жағдайдан кейін ұйымдастырушыларды ешқандай да сотқа бермейтінін айтқан.

“Қайырлы күн. Мен осы  әзілдің бірінші құрбаны болдым. Бірақ ұйымдастырушыларды сотқа беретін ойым да жоқ. Өте қорқынышты болды. Осындай жайтты бастан кешіргеніме разымын. Аз ғана уақыттың ішінде біраз дүниені түсіндім. Біздер әсіресе жастар 2-3 мың теңгеге бола кез келген пәтерге еш жаман ойсыз, кіріп баруға дайынбыз. Ең үлкен қателігіміз де осы”,-дейді Бауыржан Болатұлы.

“Мені осылай алдап соқса, бар шарттарына келісіп сол үйден шығуға асығатын едім. Қолдарында қару, өлетін адам өлген, оған не істеп көмектесуге болады? Тек өзіме көмектесуді ойлайтын едім. Желіде отырып батыр болудың қажеті қанша жігіттер?”-деген сұрақ қояды Руслан есімді қолданушы.

Талқылау