Студентке кәсіп үйреткен тәлімгерге үстемеақы төленетін болады

ҚР парламенті мәжілісінде Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова кәсіпорындарда студенттерге қосымша уақыт бөлген тәлімгерлердің жалақысына үстемеақы қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

img_6912

Қазақстанда дуальды білім беру бағытында барлық қажетті жағдайлар жасалғанына тоқталған вице-министр, бүгінде осы білім беру жүйесі 2-3 курстарда оқыту бағдарламасының өндірісте 60 пайызға жуық деңгейін құрап отырғандығын атап өтті.

«Қазіргі кезде бізде осы бағдарламамен 2 400 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, 440 колледж дуальды оқытуға жұмылдырылған. Маңызды мәселенің бірі – ол дуальды білім берудегі шығыстарды қаржыландыруға қатысты.

Бүгінде Білім және ғылым министрлігімен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленуде. Аталған әдістеме аясында қанатқақты режімде пысықтамақпыз»,-деп тоқталды Б. Асылова «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша комиссиясының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды енгізу» тақырыбындағы отырыстың барысында. Осы орайда ол шығындардың негізінде тәлімгер ұстаздың еңбекақысы ескерілгенін атап өтті.

Атап айтқанда, дуальды оқыту үшін жұмыс орындарын құру мен тәжірибені қамтамасыз ету кәсіпорынның өзіне бекітілген. Вице-министр жүйе аясында бір студентті оқытудың шығыстары орташа есеппен алғанда жылына 360 мың теңге құрайтынын айта келе: «Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында тәлімгер ұстаздардың еңбекақысын төлеуге шығыстарды ескердік. Осы орайда қайта даярлау курстарында даярлықтан өткізуге 44 мың теңге қарастырылды. Өйткені кәсіпорында жұмыс істейтін адамға қосымша жүктеме түсетіні белгілі. Бұл бағытта тәлімгер ұстаз студентті оқытуға өзінің уақытын бөлуі тиіс болады. Сондықтан біз жұмыс берушілер мен тәлімгерді ынталандыруға ниеттіміз»,-деді.

Осы ретте  тәлімгер ұстаздың еңбекақысына қосымша 44 мың теңге қосылады. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында бұл мақсатта мемлекет есебінен 70 млн. теңгеге тарта қаржы қарастырылған.

Тағы да оқыңыз:

Құрандағы шайтан айтқан шындықтар

Ана сүтінің орнына саумал ішіп өскен бүлдіршіннің отбасы қымызды кәсіп қылып отыр (фото)

Қазақ күресінің жеңімпаздары қажылыққа аттанады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар