Студентер қытай кеспесін жеп түрлі ауруға шалдығуда

Студенттердің сүйікті асына айналған қытай кеспесінен түрлі кеселге тап болып, аурухана табалдырығын тоздырғандар саны күн санап артуда. Тез дайындалатын тағам түріне әуес жандар ағзасына түскен түрлі химиялық қоспалардың барын білмей, қатерлі ісік ауруына шалдығып жатыр.

Бич пакет аталып кеткен арзан тамақтың құрамындағы синтетикалық тұз асқазанды бүлдіріп, ентікпенің ушығуына септік етеді, дейді мамандар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астаналық Нұрлан Биетов студенттік шағынан тез дайындалатын кеспелерді жеуге дағдыланған. Арзан асқа әдеттенгені соншалық жемесе тұра алмайтын жағдайға жеткен. Алайда, кеспенің кесірінен жақында ауруханадан бір-ақ шығыпты. Қазір асқазан жарасынан жапа шегіп жүр екен.

“Жалпы кезінде талай жедік қой енді Роллтонды. Кейде қарын аш болып тұрғаннан кейін енді жеп қоясың. Асқазаның ауырады одан кейін. Больницадан шыққан кездер болды. Ішінен шаш шыққан кездер болды. Шаш шыққаннан кейін енді маза қашты” – қала тұрғыны.

Қалтаны қақпайтын қытай кеспесі, толып жатқан бич-пакеттің түр-түрінің ең қымбаты 250 теңгеден аспайды. Алайда, сорпасы татымайтын ондағы небір сорақылықтар, төбе шашыңды тік тұрғызатын жиіркенішті видеолар ғаламторда толып тұр.

Небір құрттардың кеспе сорпасында жыбырлағанын көрсе де жұрт оны тұтынуын тоқтатар емес. Әрі тез дайындалатын ас өндіріс орнында ұзақ уақыт сақталуы үшін пальма майымен майланады. Сондықтан, оттық тигізсеңіз болды лаулап жанады. Асқазан жарасы осылай пайда болады – дейді дәрігерлер.

Алайда, талай асқазан жарасы мен түрлі науқастардың күй-жайын көрген ақхалаттылар бұл арзан кеспені жемеу керектігін айтып, дабыл қағуда. Әсіресе, бала өмірі үшін аса қауіпті арзан ас құрамында пальма майы өмір сүру ұзақтығына тікелей әсері бар көрінеді.

“Бұл жылдам дайындалатын кеспе өте зиянды тағам. Әсіресе балалар үшін. Бұл кеспені жүкті және бала емізетін әйелдерге жеуге мүлдем болмайды. Себебі, кеспені ұзақ сақтау үшін оған натрий глутаматын қосады. Ол химиялық өндірісте жасалатын синтетикалық тұз. Натрий глутомат ағзада жиналып, оны уландырады. Глутамат ағзаға түскеннен кейін асқазанды зақымдайды, тіпті қатерлі ісіктің дамуына себепкер болуы мүмкін. Бронхиальды астмаға әкелуі мүмкін”, – дейді Ұлттық онкология және трансплантология орталығы гастроэнтеролог Күлпәш Қалиасқаров.

Бұдан өзге, кесірлі кеспе балаларды гипербелсенділік, психикалық ауытқушылық, тіпті депрессияға шалдықтырады. Сондай-ақ, қоғамда індетке айналған семіздіктің бірден-бір себебі осы кеспелер дейді мамандар.

“Шынын айтса, осындай денсаулыққа біздің Конститутцияда жазылған ғой. Әр азамат өз денсаулығына құқығы бар деп. Мысалы мынандайды мемлекет ойламаса ертең жастардың денсаулықтары, өйткені мысалы әйел-азаматтардың денсаулықтары оның бәрі зиян келтіреді ғой.Сол үшін осындай айтады ғой мынандай тамақ қауіпсіздігі,производственная безопасность дегенді мемлекеттердің бәрі қазір көтеріп отыр” – саясаттанушы Марат Бәшімов.

Аспанасты елінен келетін кеспелерді қолдануға тыйым салуға ниеттенгелі қашан. Алайда, «бизнес болғандықтан бұны тоқтату қиын»- дейді мамандар. Бірақ, бұны мемлекеттік деңгейде шешпесе, ұлт денсаулығына орасан зор қауіп төніп тұр. Алайда 3-минутта дайындалатын арзан астың қоғамға зиянды екенін ойланып жатқан әзірге ешкім жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар