Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студент жігіт әкесі үшін өзінің қаншалықты қадірлі адам екенін білу үшін “жоғалып кеткен”

Қытайлық Чжу есімді 18 жастағы жігіт өзінің аяқ-қолы байлаулы, ауызы бекітулі күйде жатқан видеосын әкесіне жіберіп, өзін белгісіз адамдардың ұрлап кеткенін айтады. Осылайша ол қылмыскерлердің құрығынан құтылу үшін олардың 100 мың юань талап етіп жатқанын айтыпты. Ақшаны бермесе, олар мұның ішкі ағзаларын саудалайтынын айтқан.

999

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Хабарламаны алған әкесі бірден полицейлерге хабарласады. Олар жігіттің видео түсіргенге дейін алты күн Чжэцзян провинциясындағы қонақүйде болғанын айтып, бұл ақпаратқа сенбейді. Олар жалданған нөмірге барып, ол жерден лас-лас болған төсек жаймалары мен шашылып жатқан заттарды табады. Артынша көп ұзамай аман-сау Чжудің өзі де келе қалған.

Полицейлер жас жігіттің бәрін ойдан құрастырғанын бірден біле қояды. Мұны Чжудің өзі растаған. Ол өзіне әкесінің көңіл бөлмейтінін, сосын ол үшін өзінің қаншалықты қадірлі екенін білмек мақсатта осындай қадамға барғанын айтыпты.

Бірақ, әзілдің салдары оның туыстарына оңай тимеді. Анасы қарыз сұрап туыстарын жағаласа, әжесі уайымнан ауруханаға түскен. Ал жігіттің өзі біраз айыптауға ұшырап, тұтқынға алынған.

Оқи отырыңыз:

Ресейде тікелей эфирде журналисті ұрып кетті (видео)

Татарстанда араққа тойып алған әйел екі жасар ұлын терезеден лақтырып жіберді

Түркіменстан президенті министрлерге дене жаттығуларын қалай жасау керектігін көрсетті (видео)

Үш жасар қызды зорлаған қылмыскерді елдің көзінше атып тастады (фото)

Талқылау