Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырда жігіті романтикалық ұсыныс жасағаннан кейін бойжеткен оқудан шығарылды (видео)

Мысырдағы Әл-Азхар университетінің студенті көпшіліктің алдында жігітімен құшақтасқаннан кейін оқудан шығарылды.

Студент қызды жігітімен құшақтасқаны үшін оқудан шығарып жіберді (видео)

Белгілісі, бойжеткен университетте араб тілін оқып жатқан. Оның жігіті студенттердің көз алдында ұсыныс жасап, гүл шоғын сыйлап, тізерлеп тұрған. Бойжеткен сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғаннан кейін, жігіті оны құшақтап, көтеріп алған, деп хабарлайды Ahram Online басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Бұл оқиға видеоға түсіп қалым, университет басшылығына дейін жеткен. Нәтижесінде бойжеткен лайықсыз тәртібі үшін оқудан шығарылды. Алайда оның бұл шешіммен келіспеуіне болады.

Басылымда аталғандай, оқиға жігіт оқып жатқан университеттің аумағында орын алған. Оның жазаланатын-жазаланбайтыны әзірге белгісіз. Алайда қыз оқыған ЖОО басшылығы оның университет пен қоғам құндылықтарын бұзғанын алға тартып отыр.

Ал университеттің мұндай шешімі желіде қызу талқыға түсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау