Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студент қызды әкесінің достары ұрлап әкетіп, 8 сағат бойы жабылып зорлаған

Үндістанның Махендергарх қаласында 12 ер адам 19 жастағы студент қызды ұрлап әкетіп, 8 сағат бойы зорлаған.

Студент қызды әкесінің достары ұрлап әкетіп, 8 сағат бойы жабылып зорлаған

Сурет: Flickr / galaxies and hurricanes

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әкесінің достары қызды 12 қыркүйек күні автобус аялдамасында тұрған жерінен ұрлап әкеткен. Ол кезде студент қыз сабақтан үйіне қайтпақ болыпты. Жәбірленушінің сөзінше, шала таныс адамдар оған су берген. Бойжеткеннің ойынша, олар суға есірткі араластырған. Мұнан кейін олар қызды қала сыртындағы үйге алып барады. Артынша шамамен 12 жігіт студент қызды 8 сағат бойы зорлапты. Арам ойын іске асырғаннан кейін, жігіттер оны аялдамаға апарып салып, ата-анасына қоңырау шалып, қыздарын алып кетуін сұраған екен.

Топтық зорлау салдарынан бойжеткен көптеген жарақат алған. Анасының айтуына қарағанда, қызының тамағының ауырғаны сонша, біраз уақыт бойы сөйлеп, тамақ жей алмай қалыпты. Қазіргі уақытта қыз дәрігерлердің бақылауында.

Басылымда аталғандай, бойжеткенді зорлағандар оның өзін және отбасын танитын адамдар болуы мүмкін. Тіпті, олардың бірі әскери қызметкер болуы да ғажап емес.

Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау