Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тіс дәрігерлері: Баланың сүт тісін тастамаңыз, ол өмірін құтқарып қалуы мүмкін

Арнайы зерттеу жүргізген тіс дәрігері Сунтао Ши адамның сүт тісі өз бойында әртүрлі ауруларға ем болатын ондаған құнды клеткаларды ұстап тұрады деп мәлімдеді.

Безымянный

Бұл туралы ognov.ru хабарлайды.

Әр елден жиналған мамандар біраз уақыт бағаналық жасушаның жүрекке, бас миға, ұйқы безіне және басқа адам органдарына қалай әсер ететіні зерттеген. Дәрігердің Шидің командасы ересек адамның тісі бар болғаны 1 бағаналық жасушаны ұстаса, сүт тістер (7-8 жастағы балаларда болады) түрлі бірнеше бағаналық жасушалардан құралатынын анықтаған.

Бағаналық жасушалар тіс ішінде орналасып, нейрондардың, шеміршек пен сүйектің қайта түлеуіне себепкер болады. Бұл процедура I типтегі диабет кезінде әсерлі болмақ. Өйткені бағаналық жасушалар ұйқы безіне айналып, инсулин бөліп шығарады.

Бағаналық жасушаларды сақтап қалу үшін, баланың сүт тісін 48 сағат бойы мұздату керек екен. Дәрігер Питер Мюррейдің айтуынша, ауыз қуысы мен тістің тіні сүт тістің бағаналық жасушаларының арқасында қалпына келуі мүмкін.

Қазір сүт тістерді сақтайтын арнайы қызмет бар болғандықтан, мейлінше ол тісті стамотологтардың өздері жұлғаны дұрыс. Көптеген компаниялар сүт тісті сақтайтын түрлі қорапша мен қызмет түрлерін ұсынып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Таразда қызға таласқан оныншы сынып оқушысы колледж студентін өлтіріп кетті

Талқылау