Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стокгольмде жолаушыны татуировкасына бола ұшақтан түсірді

Стокгольмнің Ираклион аралында әуе жолаушысын татуировкасына бола рейстен түсірді. Бортсеріктер оның қолынан “Ислам мемлекеті” туының суретін көріп, бірге ұшпайтындықтарын айтқан.

image (1)

Нәтижесінде капитан ер адам мен оның әйелін рейстен түсірген. Азаматтың кім екені және лайнердің қай компанияға тиесілі екені әзірге белгісіз.

Стокгольм полициясының өкілі бұл істің тәртіп сақшыларына еш қатысы жоқ екенін айтқан. “Ұшақ командирі қалаған адамын рейстен түсіре алады. Бұлай жасауға оның құқығы бар”, – дейді полиция қызметкері мәлімдемесінде.

21 шілде күні АҚШ-тың  көлік министрілігіне American Airlines компаниясының үстінен шағым түскені белгілі болды. CAIR қорғаушылары әуе компаниясын Мұхаммад Ахмад Рахман араб есіміне бола рейстен түсіргені үшін сотқа берген.


Жіберіп алмаңыз:

Қысқа майка киген Тайланд ханзадасы немістерді татуировкасымен таңдандырды

Жаңа зеландиялық шебер ауру балалар үшін керемет татуировкалар жасады (фото)

Әлемдегі татуировкасы ең көп егде жастағы қабылан-адам қайтыс болды (фото)

Алматыда үздік татуировка шеберлері анықталды (фото)

Талқылау