Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стивен Сигалды қонақ еткен Лукашенко оған шикі сәбіз пен қарбыз сыйлады (видео)

Әйгілі америкалық режиссер және продюсер Стивен Сигалмен кездескен Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко оған шикі сәбіз, піскен картоп пен қарбыз сыйлады.

24196838

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Әдейілеп президентпен суреткен түсу кезінде Стивен сәбізді тістеп тұрды. Президент өз кезегінде көкөністің бұл түрін өте пайдалы деп мақтаған болатын. Осыдан соң Беларусь басшысы қонақты дастарханға шақырды.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары болса, режиссерге арнап жайылған дастарханды сынға алған. “Құдды бір колхоз директорының қабылдауында” отырғандай деп кекеткендер де табылыпты. Ал біразы Лукашенконың бұл әрекетін дұрыс қабылдап, қонақты барынша еркін әрі қолайлы жағдайда күткеніне жақсы баға берген.

Қазақстандықтар да өз кезегінде Стивенге не тарту етуге болады дегенге пікір таластырған. Тізімнің көш басында әзірге – соғым тұр.

Актер Минскіге World of Tanks танымал ойынын құрастырған Wargaming компаниясының өкілдерімен кездесу үшін келген. Келіссөздерден соң ол президенттің қала сыртындағы резиденциясына ат басын бұрыпты.

Талқылау