Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стив Джобстың ескі шәркейі 2,7 мың долларға сатылды

АҚШ-та Apple-дің негізін қалаушы Стив Джобстың бірнеше жеке заттары сатылған бәссауда болып өтті. Лоттардың арасында тозығы жеткен шәркейлер де болған.

Steve-Jobs-collage-1

Сурет macdigger.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сатушылар сүйретпе аяқ кіимдерді марқұм 30 жыл бұрын киіп, Калифорнияда талай жерде із қалдырған деп сендіруде.

Аяқ киімнің бастапқы бағасы 580 доллар болған, алайда сауда барысында соңғы баға үш есеге өскен. Ақыры белгісіз сатып алушы Birkenstock фирмасы шығарған ескі шәркейді 2 700 долларға сатып алған. Бұдан басқа, бәссаудаға Джобстың NEXT-те жұмыс істеген кезде киген қара кеудешесі (водолазка 7 500 доллар) визит карточкасы мен Apple қаламы (16 250 доллар) қойылған.

Джобстың Seiko фирмасы шығарған ескі сағаты айтарлықтай қымбат бағаға – 42 500 долларға сатылды. Оның құнды болуына Macintosh-тің алғашқы компьютерімен бірге түскен Стивтің фотосуретінде бар болып шыққан әсер етті.

Талқылау