Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Степногорскіде үлкен өрт болып, 60 саяжай жанып кетті (видео)

Степногорск маңындағы саяжай аймағында үлкен өрт болды. Құтқарушылардың мәліметінше, салдарынан 60-қа жуық саяжай жанып кеткен. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Степногорск

Орын алған оқиғаның мән-жайы Step.news жергілікті Instagram парақшасында жария етілді.

"Он шақты жол өртеніп кетті. Өрт өзен бағытына қарай кетті. Жалын қалаға жақын орналасқан телемұнара жанынан басталып, желдің әсерінен саяжайға дейін жеткен. Өкінішке қарай, дәл осы сәтте Өрт сөндіру бөлімдері Первомайка мен Қырық Құдық ауылының маңындағы далалық өртті сөндіруде жүрген. Өрттің толық ауқымы анықталған кезде барлық өрт сөндіру бригадалары осында ауыстырылды. Алайда қатты тұрған желдің әсерінен өртті тоқтату мүмкін емес еді", – деп жазылған парақшада.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде бұл ақпарат расталды. Өрт кешкі сағат 5-тер шамасында "Вавилова" ПКДУ маңындағы аудан аумағында басталған.

"20 га аумақта құрғақ шөп өртенді, өрттің көшуімен 58 саяжай, оның ішінде үшеуі жалпы алаңы 3,5 га тұрғын үйлер жанып кетті. Жалын 20:45-те ауыздықталып, түнгі сағат 22:00-де толығымен сөндірілді", – деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнына 34 қызметкер мен төрт жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ жергілікті коммуналдық қызметтер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың адамдары мен техникалары шықты.

Талқылау