Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Степногорск тұрғыны өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Степногорск қаласының тұрғыны Матрена Яковенко мерейлі 100 жасқа толғанын атап өтті.

Безымянный

Сурет Ақмола Медиа Орталығы

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бұл тамаша күнде әжейді тек туыстары мен жақындары ғана емес, қалалық ардагерлер кеңесі мен №75 сайлау учаскесі де құттықтаған. Қалалық сайлау учаскесі қарт әжейдің үйіне келіп, үлкен кісінің дауыс беруіне де мүмкіндік жасаған.

Матрена әжей ерте жастан анасыз қалған. Ол Қостанай облысы, Денисов ауданы, Спиридонов ауылында дүниеге келген. 14 жасқа толған Матрена еріксіз жұмысқа араласып кете барады. Оның өмір жолы оңай болмады. Қолынан келген қара жұмыстың барлығын атқарды. Соғыстың алдында күйеуге шығады. Үш баласы да сәби кезінде қайтыс болады. Тек бір қыз ғана қалған. Жалғыз қызына екіқабат кезінде жолдасымен де ажырасып кетеді.

Соғыс кезінде әскери зауытта жұмыс істеген. Кейінірек ол, жұмыс істеген Орынбор қаласынан қызымен бірге Уралға әкесінің әпкелері жаққа көшіп келеді. Соғыстан кейінгі жылдары жанармай бекетінде, көлік жөндеу орындарында, жоғарғы шахта бекеттерінде еңбек етеді. Сол жақтан зейнетке де шығады.

Матренаның қызы Уралда өсіп, тек 1988 жылы Қазақстанға қайта оралады. Анасы да бір жылдан соң қызының жанына Степногорск қаласына көшіп келген. Бүгінде Матрена Яковенконың 2 немересі, шөбере-шөпшектері бар.

Талқылау