Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Степногорск тұрғыны Қатира Мусина 104 жасын атап өтті

Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғыны Қатира әжей 104 жасқа толған туған күнін атап өтті. Әже төрт ұл, үш қызынан 38 немере, 65 шөбере және 5 немене сүйіп отыр.

1111111

Сурет Ақмола медиа орталығы

Қатира Мусина 1912 жылы Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Үленті ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күйеуі майданға аттанып, өзі Торғай шахтасында еңбек еткен. Кейінгі бейбіт уақытта автобазда жұмыс істеп сол жерден зейнетке шығады.

4 ұл, 3 қыз барлығы жеті баланы бағып-қағып өсірген Қатира Нұрмағамбетова “Күміс алқа” медалімен марапатталған. Немере, шөберелерінің ортасында отырған Мусиндер әулетінде бүгінде жалпы саны 115 адам бар.

Қазір Қатира Нұрмағамбетова кіші ұлы Кенжебек пен келіні Салтанатпен бірге тұрады. Үлкен қызы Маруаш та әже атанып немере, шөбере өсіріп отыр. Тіпті 11 бала дүниеге әкеліп батыр ана атанған.

Талқылау