Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Станимир Стойлов «Астанамен» келісімшартын 2 жылға ұзартады

 «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов командамен келісімшартын 2 жылға ұзартады. Бұл туралы «Галатасараймен» өткен ойыннан кейін бапкердің өзі хабарлады, деп хабарлады massaget.kz.

20151209041203

Клуб пен жаттықтырушы арасындағы келісімшартқа ертең қол қойылады. Нәтижесінде болгар маманы қазақстандық клубты алдағы екі маусым жаттықтыратын болады.

– Мен маусымның соңын күттім. «Астанамен» келісімшартты ұзартуға келісімімді бердім. Ертең қол қоятын боламыз. Мен команданы сақтап, жаңа талантты ойыншыларды қосқым келеді, – деді Станимир Стойлов.

Айта кетейік, Станимир Стойлов «Астана» клубын 2014 жылдан бері жаттықтырып келеді. Клуб пен бапкер «1+1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойған-ды. Болгар бапкерінің келуімен елордалық клуб қазақ футболы тарихында өз атын қалдырды.

Ел чемпионатында топ жарды, суперкубокты иеленді. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық бірінші клуб атанды. Осыған дейін болгар басылымдарының ақпары бойынша бапкер жылына 1 миллион долларға жуық жалақы алатыны айтылған болатын.

Талқылау