Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стамбұл әуежайында болған жарылыс теракті салдарынан болуы мүмкін

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Стамбұлдың Сабиха Гёкчен әуежайында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан ұшақ жанында жүрген екі қызметкер жараланды. Полицейлер аталған істің терактілі жағдай болуы мүмкін екен айтты.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

DHA агенттігінің хабарлауынша жараланған екі адамның бірінің жағдайы өте ауыр халде.

Полицейлер аталған істің терактілі жағдай болуы мүмкін екен айтты. Қазір  тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. Әуежайға полицейлер тікұшағы келді. Тағы бір тікұшақ Ататүрік әуежайына жөнелтілді.

Мамандар тексеру кезінде жарылыстың жарылғыш зат арқылы болғанын айтты. Мәлімет бойынша, жарылыс алаңда тұрған ұшақтардың бірінің бортында болу мүмкін. Алайда билік тарапы бұл ақпаратты әлі мақұлдаған жоқ.

Оқиға орнында жолаушылар арасында дау-дамай орын алмаған. Әуежай жұмысы қалыпты жүріп жатыр.

Талқылау