Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спортшының орнына шыққан көрермен ММА шеберін жайратып салды (фото)

Бразилияның Жуис-ди-Фора қаласында өткен аралас жекпе-жек сайысында қызық жағдай орын алды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Чемпиондық белдік үшін жартылай орта салмақта Карлос Эуардо Руфино мен Клаудиней Калл төбелесуі керек болған. Руфино салмақ өлшеу рәсімінде шекті мөлшерден асып кетеді. Дегенмен Калл жекпе-жекке келісім бергенімен, бірнеше минут қалған кезде қайтадан бас тартады. Осы кезде тордың қасына келген 22 жастағы Луис Фелипе Альвим жекпе-жекке шыққысы келетінін айтқан.

“Бұған дейін Альвим бірде бір мәрте ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізіп көрмеген. Ол тай боксы бойынша 15 кездесуге қатысқан және бразилиялық джиу-джитсудан турнирлерге қатысыпты”, – деп хабарлады MMA Fighting.

Қызық болғанда Альвим қарсыласын бірінші раундта-ақ тұншықтырып жеңіп тастады. Жеңістен соң ол өзінің қызына ұсыныс жасады.

Оқи отырыңыз:

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Талқылау