Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спортшылар Рио-де-Жанейродағы олимпиялық ауылдарды көріп қаша бастады

Риоға олимпиада ойындарына қатысуға барған бірқатар делегациялар олимпиялық ауылдарда тұрудан бас тартып, қонақүйлерге орналаса бастаған.

AP_Photo,_Leo_Correa_d_850

Фото: rg.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Әр олимпиялық ауылдың проблемасы бар, бцр орянкс 20 000 адамның орналасуы оңай емес. Бірақ, бұл менің бесінші олимпиадам, алайда осыған дейтін мұндай мүлде дайын емес ауылды көрмеппін”, – дейді Австралия олимпиадалық делегациясы басшысы Китти Чиллер.

chil

Фото: xsport.ua

Бұл мемлекеттің спортшылары жағдайы кеткен орталықта тұрудан бас тартып, бірден қонақүйге орналасуды жөн деп тапқан. Спортшыларды бұзылған дәретхана, газдың күлімсі иісі, үзілген электр сымдары шошытқан. Мұның үстіне спортшылардың климатқа бой үйретуі де оңайға түспейін деп тұр.

Бразилия билігі болса өз кезегінде, спортшылар тұратын ауылдарды қалпына келтіріп, реттеуде. Онда қазір мыңға жуық қызметкерлер еңбек етіп жатыр.

31 ғимараттан тұратын кешенде шамамен 18 000 спортшы тұрмақ. Ал қызмет көрсетуші адамдар саны 13 000.

Талқылау