Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спортшы қыз бойы ұзын болғаны үшін жар таба алмай жүр (фото)

Әдемі әрі сымбатты қыз бойы ұзын болғандықтан махаббатын әлі кездестіре алмай жүр. Ұзын бойы үшін оны келеке етіп, мазақтағандар да болған.

Ұлыбританияның тхэквондо спорты бойынша Ұлттық құрамасының бұрынғы қатысушысы  Джейд Слэвин әлемге танымал. Ол шығыс жекпе жегі чемпионатының жеңімпазы әрі алтын медаль иегері. Ол бала күнінде бойының ұзын болғаны үшін қатарластарының мазағын естіп өсті. Жақында ғана өзін қабылдап, жақсы көруді үйренді.

26 жастағы спортшы өзіне жар табудың қиынға соғатынын айтады. Ол 16 жасынан бастап модель болды. 2014 жылы Глазгода өткен ұлттар достастығы чемпионатында бірінші орын алды. Осылайша өзіне деген сенімділігі артты

Бүгінде тхэквондо бойынша танымал спорт өкілі әрі төрешісі.

Бойжеткен өзін сырттай суретке түсіріп алатынардың барын айтады.

“Мен өз бойымды жек көретінмін. Өзге қыздар секілді болсам, биік өкшелі туфли кисем деп армандадым. Мазақ сөздерден шаршайтынмын”, – дейді ол.

Оған киім таңдаудың өзі қиынға соқты. Қазір бойына еш өкпесі жоқ, достарымен емін-еркін суретке де түсе береді.

Себебі бойының арқасында табысы артып, спортта мансабы көтерілді. 21 жасында тез арада спорттық мансабы арта түсті. Осыдан соң бойының ұзын болғанын өзі де ұната бастады.

Кейіннен әлемдік және европалық деңгейдегі екі жарыста жеңімпаз болды.

Спортшы қыз медальдарымен, кубоктарымен, жеткен жетістіктеріен мақатанады. Енді 2019 жылы екіші жартысын кездестіреді деген сенімдеміз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау