Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спортқа оралған Илья Ильин Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Спортшы Олимпиада ойындарында допинг түрлерін қолданды деген айыппен екі жылға спорт шараларына қатысудан шеттетілген еді. Ол мерзім биылғы жылдың маусым айында аяқталып, Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралған болатын.

Міне көп ұзамай-ақ Талдықорған қаласында өткен чемпионатта жеңіске жетіп, өзінің спорттың шебері екенін тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ол өзінің Инстаграм парақшасында барша қазақстандықтарға алғыс айтып, қуанышын бөліскен жақындарына ризашылығын білдірді.

https://www.instagram.com/p/BnN1qjIl6ky/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=pq1bkiu8qxdy

«Маған әрдайым сәттілік тілеп жүргендерге білдірер алғысым шексіз. Бүгінгі жеңіс жалғыз менікі емес, бұл баршамыздың бірге жеткен жеңісіміз. Мен оралдым және бұл спорт жолындағы жетістіктеріміздің тек бастамасы ғана деп ойлаймын. Ары қарай тынбай еңбек етіп, әлем чемпионатына шығуға ұмтыламын, басты мақсат – Олимпиада ойындары. Баршаңызға үлкен рахмет», – деп қуанышымен бөліскен Илья Ильин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау