Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорт министрлігі Австрияда допингпен ұсталған биатлоншыларға қатысты мәлімдеме жасады

Допинг дауына дәрігердің салғырттығы себеп! Әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақ биатлоншыларын, аяқасты Австрия полициясының тексеруін спортқа жауапты шенеуніктер осылай түсіндірді, деп хабарлады КТК арнасы.

биатлон-100217

Яғни полицияның тексеруіне қоқыс жәшігінен табылған қорапша себеп болып отыр. Өйткені жергілікті полиция Инцель қаласындағы жанармай құю бекетінің маңынан рұқсат етілмеген преператтар салынған жәшік тауып алған екен. Оның ішінде пайдаланылған инелер, түрлі дәрі-дәрмек пен Қазақстан құрамасының дәрігеріне тиесілі аккредитациялық карта болған. Осыдан кейін құзырлы органдар біздің спортшылар жайғасқан қонақүйді тінтіп, биатлоншыларды сұрақтың астына алған. Тіпті барлығын допинг сынамадан өткізіпті. Оның қорытындысы әзірге дайын емес. Есесіне  Австрия полициясы тәркіленген сол бір сөмке дәрі-дәрмектің суретін әлеуметтік желіге жариялады. Олар осыншама көп препаратты шекарадан қалай өткізілгенін де тексермекші. Ал еліміздің Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшылары болса, дау тудырған дәрілерді пайдалануға рұқсатымыз бар деп ақталуда.

«Дәрі қалдықтарын қоқысқа тастай салған дәрігердің әрекеті дұрыс емес. Оны арнайы жоятын орындарға жіберуі тиіс еді. Бұл препараттарды біздің спортшылар ауырып қалғанда немесе жаттығудан кейін қолданатыны рас. Бірақ олар допингке қарсы агенттіктің рұқсатымен беріледі. Биатлоншылар жарыстан шеттетілген жоқ», – дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Ислам жас боксшыларды “Қазақ” командасына шақырып үндеу тастады (видео)

Қысқы Азиадаға баратын спортшылардың толық тізімі жарияланды

Қазақстандық спортшылар Универсиада-2017-де қанша табыс тапты?

Криштиану Роналдумен “байланысы бар” деген кикбоксшы екі жылға сотталды

Талқылау