Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СПИД-тен айығып кеткен тұңғыш адамның тарихы (фото, видео)

СПИД-ті емдеу тәсілдері шетелде көптен қолданылып келеді. Бірақ операциялардың ешқайсысы табысты нәтиже бермеген. Тек біреуінен басқасы. 2007 жылы ақпанда америкалық Тимоти Рэй Браун трансплантацияға келіседі. Ал үш айдан соң оның қанынан ешқандай ВИЧ белгілері табылмаған.

Брауннан 1995 жылы ВИЧ-инфекциясы табылады. Ол 10 жыл бойы дәрі қабылдап, жағдайын дұрыстап жүрген. Бірақ 2006 жылы денсаулығы күрт нашарлап кетеді. Осыдан кейін бағаналық жасушаларын ауыстырудан басқа амал қалмайды.

“2007 жылы 6 ақпанды өзімнің жаңа туған күнім деп санаймын. Трансплантация күні мен антиретровирусты препараттар қабылдауды тоқтаттым. Үш айдан соң менің қанымнан ВИЧ табылған жоқ. Мен жұмыс пен жаттығу залына қайта оралдым”, – дейді ол.

Европалық нәсілдің ішінде бір пайызға жуығы ерекше мутацияға ие. Браунды емдеген дәрігерлер сол мутация өкілінің бағаналық клеткаларын таңдап алған.

“Өкінішке қарай АҚШ-қа келген соң менде өкпе қабынуы пайда болып, 2008 жылы екінші рет трансплантация жасалды. Мен ештеңе көрмей, мүгедек болып қалдым. Содан бастап жүруді қайтадан үйрендім. Тек алты жыл өткен соң толық қалпыма келдім”, – дейді Браун.

2012 жылы Вашингтонда өткен СПИД бойынша халықаралық конференцияда Браунд Timothy Ray Brown Foundation қорының құрылғаны туралы жариялайды.

Жіберіп алмаңыз:

Француз хирургтары 15 жыл бойы миы “өлі” күйде жатқан ер адамды оятты

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Талқылау