Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сөзжұмбақ сұрағы: Бақытбек үшін пышақ ұруға “қолайлы” жер?

Қазақстанда бүкіл елді дүрліктірген Баян Есентаеваның қайғылы оқиғасы сөзжұмбаққа сұрақ болып енген.

Сөзжұмбақ сұрағы: Бақытбек үшін пышақ ұруға “қолайлы” жер?

Фото: Facebook

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Facebook әлеуметтік желісінде Азамат Сәрсенбаев есімді қолданушы сөзжұмбақ шешіп отырып, ішінен әбестеу сұрақ көріп қалған. Баян Есентаева мен күйеуінің суреті тұрған тұста “Бақытбек үшін пышақ ұруға “қолайлы” жер қайсы?” деп жазылған екен.

Азамат сөзжұмбақтың суретін әлеуметтік желіге жүктеп, тұсына “Бұл сөзжұмбақты жасаған адамның есі дұрыс емес шығар” деп жазған екен.

Мұны көрген өзге желі қолданушылары да түрлі пікір білдірген. Бірі азаматты қоштап, сөзжұмбақ авторының есі дұрыс еместігін айтқан. Екіншілері “Қандай сөз тура келеді екен? Жанармай бекеті ме? Трасса ма?” сынды әжуалаған пікірлер қалдырған.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

 

 

Талқылау