БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сөз ұйқасы үшін: Ақтөбелік судья неліктен бейәдеп сөздер айтқанын түсіндірді

Ақтөбеде әкімшілік сот төрағасының басы дауға қалды. Сотта жеңіліп қалған кәсіпкер әйелдің сөзінше, Амангелді Қалмұхамбетов өзіне бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Сөз ұйқасы үшін: Ақтөбелік судья неліктен бейәдеп сөздер айтқанын түсіндірді

Балабақша иесінің қолында сот төрағасының өзіне бейәдеп сөздер айтқаны түсіп қалған видео бар. Әйелдің айтуынша, ол санитарлық дәрігерлермен сөзге келіп қалғанда, сот төрағасы олардың арасындағы дауға килігіп, бейәдеп сөздер айтқан.

Ал Қалмұхамбетов өзінің бұрынғы танысына көмектескісі келгенін айтып отыр. Алайда әйел оның бұл әрекетін бағаламай, керісінше, өзінің басын дауға қалдырған сияқты.

Бұл жанжал туралы сот этикасы жөніндегі комиссия да хабардар болыпты.

«Әрине, жағымсыз жағдай орын алды. Ақтөбе облыстық сот этикасы жөніндегі комиссия оқиғаға қатысты өзінің шешімін шығарды. Мен сөгіс алдым. Жалпы мен балағат сөздерді қолданбаймын. Бұл жерде сөз ұйқасы үшін айтқан шығармын», – дейді Амангелді Қалмұхамбетов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр